№68 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Пржанова Гулнур Аскербекқызы 2019-2020 оқу жылындағы мектептің оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстарға жылдық есеп беру жиынын ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өткізді. » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№68 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №68 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Пржанова Гулнур Аскербекқызы 2019-2020 оқу жылындағы мектептің оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстарға жылдық есеп беру жиынын ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өткізді.
28
май
2020

№68 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Пржанова Гулнур Аскербекқызы 2019-2020 оқу жылындағы мектептің оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстарға жылдық есеп беру жиынын ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өткізді.

Шымкент қаласының білім басқармасы қала әкімі М.Әйтеновтың 2020 жылғы 21 ақпандағы №25 хаттамасындағы 1.2.3 «Әкімдердің халық алдындағы есептеріне ұқсас жартыжылдық негізде мектеп директорларының оқушылардың ата-аналары алдындағы есептілігін  енгізу қамтамасыз етілсін» деген тапсырманың орындалуы бойынша білім басқармасы тарапынан жалпы орта білім беретін мектеп директорларының  2019-2020 оқу жылының соңында білім мекемесіндегі оқу-тәрбие процесі туралы атқарылған жұмыстар бойынша білім алушылардың ата-аналарына есеп беру кестесіне сәйкес 2020 жыл 27-мамыр күні    Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры  Пржанова Гулнур Аскербекқызы 2019-2020 оқу жылындағы мектептің оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстарға жылдық есеп беру жиынын ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өткізді. 
 Атқарылған жұмыстарды мектеп оқушыларының ата-аналары мен қамқоршылық кеңесі мүшелеріне баяндама арқылы таныстыра отырып, мектептің биылғы оқу жылындағы білім сапасы, мұғалімдердің сандық сапалық құрамы, біліктілік курстарынан өткен мұғалімдер туралы, ыстық тамақпен қамтылған оқушылар, келесі оқу жылына оқушылар саны, кітапханадағы кітап қоры мен оқушылардың кітаппен қамтамасыз етілуі, мектепте балаларға арналып жұмыс жасап жатқан спорт секциялары,  оқушылардың пәндік олимпиадада жеткен жетістіктері мен   қашықтықтан оқыту барысында  білім алу платформаларындағы олимпиадаларға қатысып, жеткен жетістіктері туралы айтып өтті.  Сонымен қатар, биылғы оқу жылында бітіруші түлектер тарапынан 4 оқушы «Алтын белгіге» 1 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Ата-аналар мектеп басшысына атқарылған жұмыстар бойынша сұрақтарын қойып, алған жауаптарына қанағаттанды. Ата-аналар комитетінің төрайымы Аманбаева Қатира сөз алып, мектеп басшысының есебінде таныстырылған,  атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне ризалығын білдіре отырып, келесі оқу жылында ақысыз үйірмелерді көбейтіп, ағылшын тілінен оқу курстарын және де би үйірмелері ашылса екен деген ұсыныс білдірді. «Азат» Нұротан бастауыш партиясының төрайымы Әлия Сабитова мектепте атқарылған жұмыстар мен жетістіктерді жақсы бағалап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив