19
маусым
2025
"Биле,Биле" атты би жарысы өтті
№68 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған "БАЛДӘУРЕН" жазғы сауықтыру лагерінде 2025 жылдың 19 маусымында топтар арасында "Биле,Биле" атты би жарысы өтті. Жарысқа әр топ белсенді түрде қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жарыстың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, достық пен бірлікке тәрбиелеу.
Жарыстың критерийі:
1.Сахнада өзін-өзі ұстауы,
2.Би техникасы мен үйлесімділігі.
3.Киім сәйкестігі
4.Жалпы эмоциясы
Жарыс соңында ең үздік топтар марапатталды. Қатысушы топтарға да "АЛҒЫС ХАТ" берілді.
Жарыс өз деңгейінде өтті. Бұл шара балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, лагерьдің ұмытылмас күндерінің естелігіне айналды.