09
қазан
2025
«Ұшқан ұя» шығармасына арналған әдеби сағат өткізілд
Мектебімізде қазақ тілі 8 «Ә» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Елгондиеваның ұйымдастырумен халқының қаһарман перзенті, аты аңызға айналған батыр, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына арналған әдеби сағат өткізілді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларды қазақтың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығымен тереңірек таныстыру, «Ұшқан ұя» повесі арқылы отбасылық тәрбие мен ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындыру, сонымен қатар көркем әдебиетке, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар жазушының балалық шағы, ата-әжесінің тәлім-тәрбиесі, ауыл өмірінің көріністері мен ұлттық салт-дәстүрдің көркем суреттелуі жайлы өз ойларымен бөлісті. Әңгіме барысында шығармадағы басты идеялар — адамгершілік, имандылық, еңбекқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты асыл қасиеттер талқыланды.Сабақ соңында оқушылар «Ұшқан ұя» кітабынан әсер алған тұстарын айтып, өз ойларын шағын эссе және пікір түрінде жеткізді. Бұл кездесу оқушылардың рухани дүниесін байытып, әдеби шығармаларға деген қызығушылығын арттырды.