16
қазан
2025
Байшымырова Р.А. 4 “В” сынып оқушыларымен математика пәнінен “Пысықтау және қортындылау” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мектебімізде өтіп жатқан “Білім бастауы бастауышта” тақырыбындағы қалалық бастауыш сыныптар онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Байшымырова Р.А. 4 “В” сынып оқушыларымен математика пәнінен “Пысықтау және қортындылау” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ оқушылардың “Жиындар және олардың қасиеттері” және “ Қозғалысқа берілген есептер” тақырыбы бойынша білімдерін бекіту мақсатына бағытталды. Сондай-ақ сабақта ежелгі грек мысалшысы,дидактикалық (тәлімдік) әңгімелердің авторы ретінде танылған тұлға Эзоптың шығармашылығымен таныса отырып “Еңбек” құндылығын талқылады.Жаңа әдіс -тәсілдер мен ЖИ платформаларының мүмкіндіктерін енгізу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып сабақ мақсатына жетті.



