2 "А" сынып жетекшісі Абуова Гульмира Жақсылыққызы қазақ тілі пәнінен "Дауыссыз л мен р" тақырыбында ашық сабақ өтті » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2 "А" сынып жетекшісі Абуова Гульмира Жақсылыққызы қазақ тілі пәнінен "Дауыссыз л мен р" тақырыбында ашық сабақ өтті
17
қазан
2025

2 "А" сынып жетекшісі Абуова Гульмира Жақсылыққызы қазақ тілі пәнінен "Дауыссыз л мен р" тақырыбында ашық сабақ өтті

  Мектебімізде 16.10.күні қалалық "Білім бастауы - бастауышта" атты  онкүндік барысында 
2 "А" сынып жетекшісі Абуова Гульмира Жақсылыққызы қазақ тілі пәнінен "Дауыссыз л мен р" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы білімін кеңейту, л мен р дыбыстарын ажырата білуге, орфографиялық сауаттылықтарын арттыруға ықпал ету. Л ,р дыбыстарының емлесін үйрету. 
Сабақ барысында оқушылар әртүрлі жаттығулар мен ойын элементтері арқылы л,р дыбыстарының артикуляциясын меңгеріп, оларды сөз басында қалай қолдану керектігіне дағдыланды. Сонымен қатар, айтылым, тыңдалым, оқылым мен жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындады.  "Асқабақ жинау", "Асықтарды қалтаға жина" ойындары мен "Қатесін тап" жұптық жұмысы, "Сөздік диктант" жұмысы мен "Көркем жаз" жұмыстары топтық , жеке, жұптық формада  қолданылып,  оқушылардың сабаққа белсенділігі артты.  Құндылықты дарыту бойынша  мәтінге байланысты "Жеті ата", "Бауыржан Момышұлы" туралы дереккөздерден  ЖИ  әдісі арқылы мәліметтер тыңдады. "Домбыра" әдісі  арқылы оқушылар өзін-өзі бағалап отырса, мұғалім гүлдер, асықтар арқылы бағалап отырды.  "Тұс кілем" әдісі арқылы кері байланыс алынды. Сабақ мақсатына жетті.












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив