12
қараша
2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының басталғаны белгілі. "Таза Қазақстан" акциясы аясында аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. «Таза өлке» ұранымен №68 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі химия-биология пәнінің мұғалімдері Д.Қаратаева мен К.Мейрбекова және 9 "Ә" сынып оқушылары ерікті түрде қатысып тазалық акциясы өткізілді. Акция барысында, гүл, тал көшеттерін отырғызу және мектептің аумағында тазалау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.



