08
қаңтар
2026
«Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...»
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде 06.12.2026ж күні «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ ЖОБАСЫ» аясында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Әлібек Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» шығармасын жан-жақты талдады. Мақсаты: Қазақстанның шығыс өңірінде, Өр Алтайда орын алған оқиғаларды баяндайтын бұл роман 1980-жылдардың соңындағы қайта құру кезеңінің ауыл өміріне әсерін көрсетеді. Шығармада бір Алтай тауы бөктеріндегі ауылда қоғамдық қатынастар алмасып, колхоз-совхоз тараған тұстағы қиындықтар мен тұрғындардың көңіл-күйі шынайы суреттеледі. Бас кейіпкерлер заман ағымымен алысып, заманның биік белестерін (шыңдарын) еңсеруге тырысады. «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді…» – өтпелі дәуірдегі қазақ ауылының әлеуметтік портретін жасаған, табиғат сұлулығы мен замана шындығын астастыра білген маңызды туынды.