«Білім жолын бастаған – бастауышым бастамам» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім жолын бастаған – бастауышым бастамам»
23
қаңтар
2026

«Білім жолын бастаған – бастауышым бастамам»

   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектепте  «Білім жолын бастаған – бастауышым бастамам» тақырыбындағы бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2026 жылғы 23 қаңтар күні    2-сынып оқушылары арасында «Көркем сөз – жүрек үні» атты ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты – оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сөз өнерін қадірлеуге баулу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, өз ойын көркем жеткізе білуге үйрету.
Сайыс барысында жас оқырмандар өлеңдерді нақышына келтіре, сезіммен оқып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Қатысушылардың әрқайсысы сахна мәдениеті мен көркем сөзді меңгеру деңгейі бойынша бағаланды. Іс-шара оқушыларға ерекше әсер қалдырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өнерлі өрендерімізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив