"Тәжірибені ұғыну және ішкі күш" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәжірибені ұғыну және ішкі күш"
13
ақпан
2026

"Тәжірибені ұғыну және ішкі күш"

    Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастырумен №68 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ішкі күш" тренингтік бағдарламасы негізінде ата-аналарға арналған жұмыс жоспары бойынша, 6 сынып оқушылары арасында ата-аналармен "Тәжірибені ұғыну және ішкі күш" тақырыбында Мусаева Ақмаралдың ұйымдастыруымен отырыс болып өтті.
Тренингтің негізгі мақсаттары:
Психологиялық оңалту: Жан жарақатын (травма) алған немесе қиын жағдайға тап болған оқушылардың ішкі тепе-теңдігі мен эмоционалды әл-ауқатын қалпына келтіруге көмектесу.
Буллингтің алдын алу: Оқушылар арасындағы қудалау, қорқыту және агрессияның кез келген түрін болдырмау, ұжымдағы сыйластықты арттыру.
Қауіпсіз орта құру: Мектеп ішінде баланың өзін еркін, қорғалған және жайлы сезінуіне жағдай жасау.
Төзімділікті (резильенттілік) дамыту: Оқушыларға қиындықтарға қарсы тұруды, "ішкі күшін" табуды және кез келген оқиғаға дұрыс реакция білдіруді үйрету.
Тәжірибені ұғыну: Өткен жағымсыз оқиғаларды дұрыс саралап, олардан сабақ ала білуге және болашаққа сеніммен қарауға бағыттау.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив