«Әз Наурыз құтты болсын!» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
наурыз
2026

«Әз Наурыз құтты болсын!»

   2026 жылдың 18.03. күні №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 2"А"-сынып жетекшісі Абуова Г.Ж. оқушылармен «Әз Наурыз құтты болсын!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

«Әз-Наурыз құтты болсын» тақырыбындағы тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің мән-маңызын, тарихын және ұлттық салт-дәстүрлерін таныстыру. Бұл тәрбие сағаты арқылы оқушылар қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеуге, бірлікке, татулыққа, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиеленеді.

Сабақ барысында оқушыларға Наурыз мейрамының шығу тарихы, оның табиғатпен байланысы, жаңару мен жаңғырудың белгісі екені түсіндірілді. Оқушылар Наурыз тақырыбында суреттер салып, ұлттық ойындар ойнап, өлең шумақтарын оқып, би биледі. Сонымен қатар ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер (көрісу, бата беру, наурыз көже дайындау) насихатталып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері  дамытылды.

Тәрбие сағатының нәтижесінде - оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі артып, халқымыздың дәстүрін дәріптеп,  рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптаса бастады.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив