15
желтоқсан
2021
"Тәуелсіз елім-Қазақстан!"
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты 68 ЖОББМ-тің 4"Ә" сынып жетекшісі Стамкулова Сандуғаш Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толуына орай "Тәуелсіз елім-Қазақстан!" атты ашық тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жетістіктермен таныстырып, әлем таныған ел екендігін дәлелдеу. Сабақ барысында "Отаным- Қазақстан","Атамекен" әндері айтылды. Оқушылар Отан, Тәуелсіздік туралы тақпақтар айтып, Қазақстанның жетістіктері туралы айтып өтті. Қазақстан жетістіктері туралы көрсетілім көрсетті. Мұғалім қорытындылау барысында "Мемлекеттік рәміздерге" құрмет көрсетуге, қадірлеуге шақырды.












