11
ақпан
2022
"Поэзия! Менімен егіз бе едің?!" атты әдеби кеш
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 68 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес 10.02.2022ж күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай "Поэзия! Менімен егіз бе едің?!" атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара ақынның өмірінен үзінді көрсетілген театрлық көрініспен бастау алды. Өзі кетсе де, артында өшпес мұрасы қалған қазақтың мұзбалақ ақынының әртүрлі тақырыптағы өлеңдері оқылды, әндері шырқалды. Мектебіміздің жас әншілері М.Мақатаевтың "Бақыт" әнін орындады. Оқушылардың әдебиетке, поэзияға деген махаббатын ұлғайтып, Мұқағали атамыздың шығармашылығына деген қызығушылықтарын оятты.






