12
ақпан
2022
12.02.22ж.күні жас мамандар арасында «Топтық жұмыс арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру» тақырыбында коучинг сабақ өткізілді
Шымкент қаласы № 68 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталық жоспарына сай қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Шанетова Нуршакар Нурматована және Абдуллаева Нургул Сакеновна 12.02.22ж.күні жас мамандар арасында «Топтық жұмыс арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру» тақырыбында коучинг сабақ өтті.Коучингтің мақсаты;қатысушыларға «сын тұрғысынан ойлау»туралы ақпаратты аша білуге үйрету.Топта ынтымақтастықта жұмыс жүргізе алуға,мұғалімнің өз бойындағы сын тұрғысынан ойлау қабілетінің бар екендігіне сендіре отырып, оны іс-тәжірибеде іске асыра алатынына ықпал ету. Коучинг барысында мұғалімдерді шаттық шеңбер құрып, «Сырымызбен бөлісейік!» әдісімен «Кім нені армандап жүр?» деген сауалмен ынтымақтастық атмосферасымен басталып, «Әке», «Ана», «Бала» топтарына біріктірілді. Сабақ барысында «Тікұшақ» әдісімен жеке жұмыс түрі, жұптық «Білгір болсаң шешіп көр, Тапқыр болсаң тауып көр» әдісі, топтық жұмыс мерейтой иелеріне постер қорғау, сыни тұрғысында ойлау тапсырмасына «Wordwool» әдісімен жұмыс жүргізілді. Мұғалімдерді сергітіп алу мақсатында «Армансыз күнім болмайды» әні орындалды. Қорытындылау мақсатында «Мәтінмен жұмыс» беріліп, мәтін бойынша өз ойларымен бөлісті. Коучинг соңында «Бақыт» ағашына кері байланыс білдірді.





