26
сәуір
2022
"1-мая-праздник единства народа Казахстана" тақырыбында "Бірлік сабағы" өтті
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты № 68 жалпы орта білім беретін мектебінде 25-сәуір күні 2"А"-сыныбында орыс тілі пәнінен "1-мая-праздник единства народа Казахстана" тақырыбында "Бірлік сабағы" өтті.
Сабақтың мақсаты: 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру. Сабақты орыс тілі пәні мұғалімдері Г.Ж.Абуова, Ұ.Каримбаева, Р.Байшымырова мен Б.Мусахановалар бірігіп өткізді. Сабақтың ұйымдастырылу кезеңінде 1-май мерекесі туралы мұғалімнің баяндамасы, кіріспе сөзі тыңдалды.
Оқушылар достық, ынтымақ, татулық туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, би биледі. Әр ұлттың костюмдері сабақтың мазмұнын аша түсті. Көрнекіліктен Қазақстан елін мекендейтін ұлттар туралы таныстыра отырып, барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны айтылды. Оқушылар сабақтан ұлттар достығы мен жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білім мен тәрбие алды. Сабақ талапқа сай өтті.