08
қараша
2022
"ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ" АТТЫ ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ
"Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында мектеп кітапханасында "Әжемнің ертегісі" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына ертегілер әлеміне саяхат ұйымдастырылды. Кітапханаға жаңа келіп түскен түрлі-түсті суретті қазақ ертегілері мен шетел жазушыларының қазақ тіліне аударылған ертегілері оқушылар арасында қызығушылық оятты. Іс-шара соңында оқушылар өздері үнатқан ертегілерді оқу үшін арнайы алды. Оқушылар келешекте кітапхананың үздік оқырмандары болуына кәміл сенімдеміз.