Іс-шаралар » Страница 59 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"БИОЛОГИЯ ӘЛЕМІ" АТТЫ БІЛГІРЛЕР БӘЙГЕСІ
18
қазан
2022
"БИОЛОГИЯ ӘЛЕМІ" АТТЫ БІЛГІРЛЕР БӘЙГЕСІ
   Биология пәні мұғалімдері Б.А.Мусаханова мен Ж.Д.Ырзабай 8-сыныптар  арасында "Биология әлемі" атты интелектуалды білгірлер бәйгесін өткізді. Бұл сайыста оқушылар өздерінің логикалық ой ұшқырлығы мен қоса, биология пәнінен өткен білімдерін еске түсіріп, белсене атсалысты. Сайыс барысында оқушылардың білімі көптеген қызықты тапсырмалар беріліп, жұмбақ шешуіне 3 тілде жауап беру арқылы бағаланды. Сайыс нәтижесі бойынша 8"Ә" сынып I-орын, 8"Б"сынып II-орын, 8"А" сынып III-орын иеленіп
"ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ" АПТАЛЫҒЫ
15
қазан
2022
"ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ" АПТАЛЫҒЫ
    "Оқушыларды ББЖМ-ге дайындауда химия-биологияның рөлі" атты химия-биология бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес, 14.10.2022ж күні биология пәнінің мұғалімі  Л. Ә. Нурпейсова 9«А» сыныбында  «Ыдырау үдерістері», «Ас қорытудағы ферменттердің маңызы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында мұғалім түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланып, контекстті талдап, талдау барысында бірнеше  тәжірбиелер көрсетті. Мұғалім асқорыту мүшелерінің құрылысын  түсіндере отырып  сабақтың тәрбиелік мәніне көңіл
"СУ КЕРМЕКТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ" АТТЫ АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
15
қазан
2022
"СУ КЕРМЕКТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ" АТТЫ АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
   "Оқушыларды ББЖМ-ге дайындауда химия-биологияның рөлі" атты химия-биология бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес, 14.10.2022ж күні химия пәні мұғалімі К.Ж.Мейрбекова "Су кермектігі және оны жою әдістері" тақырыбында 9 "В" сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылармен түрлі тәжірибелік жұмыстар жасап, нәтижесі талқыланды. Химия пәнін оқытудың ерекшелігі  зертханалық жұмыс жасау арқылы, баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бүгінгі сабақтың басқа сабақтардан ерекшелігі:
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
14
қазан
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және Л.Лауланбекова  2-сынып оқушыларымен «Ертегі тыңдай білейік» атты іс-шара өткізді. Оқушылар "Түлкі мен тырна"  ертегісін оқып талқылады. Олар ертегіні қызыға тыңдап, кейіпкерлер бейнесін сомдап, ертегіден  алған әсерлері туралы өз ойларымен бөлісті. Шараның басты мақсаты, оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру,  мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ"
12
қазан
2022
"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ"
    Мектепте 10-сынып қыздар арасында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн өзінің "Құтты білек" деген еңбегінде "Қызға үлгі көрсет, ерлік ізгілікті басшылыққа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет"-дей келе қыз баланың талап-тілегін орындау арқылы қатал ұстауды
АБАЙ АУЫЛЫНДА
11
қазан
2022
АБАЙ АУЫЛЫНДА
   Мектебіміздің "Әжелер" клубының төрайымы Г.Бекайдарова мен қыздар клубының мүшелері М.Қосыбаева, Г.Сулеева 9"Г" сынып қыздарымен "Абай ауылында кездесіп" Жақсы қыз-жағадағы құндыз" тақырыбында әңгімелесті. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» демекші қазақ қыздарында батыр, батылдығынан бөлек, Зере, Ұлжандар мейірімділігі мен даналығын үлгі ете отырып, тәртіпті болуға шақырды. Ақылдылығы,
"ҚАРТТАРЫ КӨП ЕЛ-ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ"
11
қазан
2022
"ҚАРТТАРЫ КӨП ЕЛ-ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ"
    5«Д» сынып жетекшісі Н.Серкебаева және ата-ана М.Бисенбаевамен бірлесе отырып «Қарттары көп ел- қазыналы ел» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай, сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
"ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ" АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
10
қазан
2022
"ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ" АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
    10.10.-14.10.2022ж аралығында өтетін "Оқушыларды ББЖМ-ге дайындауда химия-биологияның рөлі" атты химия-биология бірлестігінің  апталық ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында  "Жаратылыстану бағы" сипатында күз айымен байланыстыра отырып, безендіру жұмыстары жасалынды. Биология бағыты бойынша оқушылар бау-бақша өнімдерінен көрме ұйымдастыра отырып, жеміс-жидектерде кездесетін дәрумендер және олардың адам ағзасына пайдасы жөнінде мағлұматтар беріп, микроскоппен өсімдік және жануар ұлпаларына
"ҚЫЛМЫССЫЗ БОЛАШАҚ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
08
қазан
2022
"ҚЫЛМЫССЫЗ БОЛАШАҚ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
    Мектебіміздің 6 «Ә» сынып жетекшісі М.Мырзабекова оқушыларымен "Қылмыссыз  болашақ" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында заңның баптары, адам құқығы,  әлімжеттік туралы айтылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кез келген құқық бұзушылықтың соңы жазаға алып баратынын түсінді.
"Қылмыссыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
08
қазан
2022
"Қылмыссыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
    7 «Б» сынып  жетекшісі, ағылшын тілі  пәні мұғалімі Ергешев Асан Жаксиликович оқушылармен "Қылмыссыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларға зорлық - зомбылық  адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндірді. Оқушылар қылмыс туралы мағлұмат ала отырып, заңсыз әрекеттің қатаң түрде жазаланатынын ұқты. Бұл іс-шараның басты мақсаты оқушыларды тәртіпке баулып, бұзақылық істерге бармауға, әдепті де мейірімді тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.