13
қаңтар
2022
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ӨЗІН ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНЕН БАЯНДАМА ОҚЫДЫ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы Гулнұр Әскербекқызы қалалық өзін-өзі тану пәні мұғалімдері арасында болып өткен семинарда баяндама оқыды.Тақырыбы: "Баланы психоэмоциональды тұрақтылыққа тәрбиелеуде Абай мен Шәкәрім шығармаларының алатын орны" Гүлнұр Әскербекқызы өз баяндамасында жалпыадамзаттық құндылықтарға тереңірек тоқталып, Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылықтары туралы, оның бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше екенін түсіндіріп, өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен байланысына да тоқталып өтті. Мысалы дене шынықтыру, биология, физика, тіл сабақтары, жаратылыстану т.б. Қай пән мұғалімі болсын, өзін- өзі тану пәні мұғалімі болсын, алдымызда отырған шәкірттерді өз баласындай көріп, жүрегіне жол тауып, білімді етіп, жұлдыздай жарқырату керек деді . "Көргендінің қылығы,көңіл марқайтады», - деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Әр бала өзін мәдениетті ұстаса, өз ортамыздың көңілін марқайтады. Адамның бойындағы жақсы қасиеттер оның істеген қылығынан, сөйлеген сөзінен көрінеді. Ең бастысы - адамгершілікті бойға сіңіре білу біздің мақсатымыз деп, сөз соңында Шәкәрім атамыздың "Адамдық борышың" атты өлеңімен қорытындылады.


