26
сәуір
2023
«МЕН ӨМІРІМЕ, ҚАЖЕТТІЛІГІМЕ - ЖАУАПТЫМЫН»
25 сәуір – 26 мамыр аралығындағы «Мейірім-жүректен» атты айлық жоспарына сәйкес №68 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Г.А.Пржанова және педагог-психолог Г.М.Шынтаева «Мен өміріме, қажеттілігіме - жауаптымын» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына тренинг жүргізді. Мақсаты, жасөспiрiмдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиiспеушiлiгiне қарсы қылмыстардың профилактикасы, сондай-ақ өзiне-өзi қол жұмсау фактiлерiн болдырмау және өмiр қауiпсiздiгiн сақтау. Тренинг барысында «Менің есімім және бойымдағы ерекше қасиетім» жаттығуы, «Жауапкершілік» жаттығуы, «Білім алудың адам өміріндегі маңызы» бейнеролигі көрсетіліп, талқыланды. Оқушылар бір-бірімен пікір алмасып, ойларымен бөлісті.



