ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ ! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ !
04
қыркүйек
2023

ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ !

       Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде, біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында мемлекеттік органдармен жұмысты бастап кеттік. 
       Жұмыс барысында «Жолда жүру ережелерін сақтайық!» тақырыбында 1-4 сынып  арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру және бағдаршамның атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Тәрбие сағатына құқық қорғау органының  қызметкері, Шымкент КПД Енбекши АПБ ЖПК ЮПБ ага УПИ полиция майоры Атамбаева Алия Аширкызы қатысып, оқушыларға жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс. Осы бойынша мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ балалардың жол-көлік оқиғасының алдын-алу бойынша, төмендегідей  ескертулерді сақтау керектігін айтып өтті: 
  1. Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.    
  2. Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.       
  3. Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.    
  4. Көшенің кез-келген жерінен өтуге болмайды.          
  5. Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.       
  6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.                 
  7. Жолдан бағдаршамның тек жасыл жанғанда ғана өт.            
  8. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен  қозғалысқа қарсы жүруге тиісті. 
      Кездесу  барысында оқушылар ережелермен танысып, көптеген мағлұматтар алды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив