Ата-аналардың назарына! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сәуір
2022

Ата-аналардың назарына!

Құрметті ата-аналар! 
№68 жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі 2022-2023 оқу жылына қызмет көрсету аумағындағы балаларды 1- сыныпқа электронды портал арқылы қабылдау басталғанын хабарлайды. 
Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1-сәуірінен бастап 
1-тамызына дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1. ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2. денсаулық жағдайы туралы №063/у және 026/у нысанындағы анықтамалар;
3. жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
4. баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
 Мектебімізде  оқушылардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылған.
Сабақтан тыс уақыттарда оқушылар төмендегі үйірмелерге қатыса алады:
1. Би үйірмесі;
2. Домбыра үйірмесі;
3. Қолөнер үйірмесі;
4. Сахналық қойылым үйірмесі;
5. Шахмат үйірмесі;
6. Теннис үйірмесі;
7. Тоғызқұмалақ үйірмесі;
8. Футбол үйірмесіүйірмесі;
9.  Теннис үйірмесіүйірмесі;
10. Баскетбол үйірмесі;
11. Волейбол үйірмесі. 
Бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен толық қамтылған. 
Мектеп мұғалімдерінің тәжірибелері мол, білікті мамандар. Сапалы оқу мен тәрбие беруде барлық мүмкіндік жасалған.
Балаларыңыздың жарқын болашағына сенім білдіріп, құжаттарыңызды тапсыруларыңызға болады.
Мектеп ұжымы сіздерді зор қуанышпен күтеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив