Біз туралы » Страница 17 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бүгінгі күннің үздігі!
27
ақпан
2023
Бүгінгі күннің үздігі!
   Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының екінші (облыстық) кезеңіне қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 8«А» сынып оқушысы Амангелдыева Динара және 7«В» сынып оқушысы Туктамұрат Аминалар ерекше жетістіктері үшін мадақтамамен марапатталды. Ғылыми жетекшілері бастауыш сынып мұғалімі Канзат Достаева және биология пәнінің мұғалімі Альмина Тюльтебаева. Мектеп директоры Гулнур Аскербекқызы Пржанова
"АЛТЫН ҰРПАҚ" ЖЫР-ТЕРМЕ ҚАЛАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН БАЙҚАУЫ
24
ақпан
2023
"АЛТЫН ҰРПАҚ" ЖЫР-ТЕРМЕ ҚАЛАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН БАЙҚАУЫ
     Шымкент қаласы қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай, «Алтын ұрпақ» жыр-терме, қалалық дәстүрлі ән байқауына қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Азат Кидирбаев «Үздік дәстүрлі ән орындаушы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жетекшісі Алма Сүлейменова.
Мәртебеңіз асқақтай берсін асыл ұстаз!
23
ақпан
2023
Мәртебеңіз асқақтай берсін асыл ұстаз!
    Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қоры мектебіміздің білікті маманы Шанетова Нұршахар Нұрматқызын білім беру саласының сапасын арттыру жолында кәсіби міндеттерін абыройлы атқарып, адал еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, орасан зор ізденістерінің арқасында шеберлігі мен біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапаттады. Мәртебеңіз асқақтай берсін асыл ұстаз!
Жеңістеріңіз құтты болсын!
23
ақпан
2023
Жеңістеріңіз құтты болсын!
   Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған мекемесінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен 2009-2010 жылы туылған және 2011-2012 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында нашақорлыққа қарсы ашық біріншілігі өтті. Сайысқа №68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысып, 26 кг салмақта Б.Ерсайынұлы 1-орын, Ә.Амангелді 2-орын, 46 кг салмақта Р.Ақжолұлы 3-орын иеленіп грамотамен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты
«Zhibek zholy Kazakhstan» Республикалық байқауы
21
ақпан
2023
«Zhibek zholy Kazakhstan» Республикалық байқауы
  Қазақстан Республикасының «Zhibek zholy Kazakhstan» Республикалық байқауына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 3«Ғ» сынып оқушысы Күмісбек Кәусар Гран При бас жүлдесін иеленсе, Полатбекқызы Айкөркем 1-орын иеленіп дипломмен марапатталды. Жеңімпаздар Түркі тілдес елдер арасында өтетін Түркия елі, Стамбул қаласында болатын байқауға қатысу үшін жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
"МОБИЛЬДІК ТОП" ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ.
21
ақпан
2023
"МОБИЛЬДІК ТОП" ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ.
"МОБИЛЬДІК ТОП" ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ.       №68 жалпы орта білім беретін мектебінде кезектен тыс Директор жанындағы кеңес өткізілді.  Күн тәртібінде:  1.Мектеп аумағына бөгде адамдарды кіргізбеу;  2.Мектепке адам өміріне қауіп төндіретін заттарды әкелмеуді қадағалау;  3.Оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынас жасауда Педагогикалық әдепті сақтау;       Мектеп директоры Гулнур Аскербековна мектеп мұғалімдерінен құрылған «Мобильдік топ» мүшелерін (кезекші мұғалімдер) және күзет қызметкерлеріне
"Жаңа Қазақстан: ғылым көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер"
20
ақпан
2023
"Жаңа Қазақстан: ғылым көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер"
    Мектебімізде "Жас ғалым" оқушылар ғылыми қоғамының жылдық жоспарына сәйкес, бастауыш және жоғары сынып оқушылары арасында "Жаңа Қазақстан: ғылым көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция еліміздің 2019 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ғылымға қызығушылығын арттыру
"ЖЫРЛАРЫМ, ЖЫЛДАРЫММЕН ЖАЛҒАСЫҢДАР"
15
ақпан
2023
"ЖЫРЛАРЫМ, ЖЫЛДАРЫММЕН ЖАЛҒАСЫҢДАР"
      Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына арналған "Жырларым, жылдарыммен жалғасыңдар" атты жыр мүшайра қорытындысы бойынша №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 8«Б» сынып оқушысы Аманбай Мерей өз деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін 3-орын иеленіп дипломмен марапатталса, мектеп директоры Г.А.Пржанова және қазақ тілі пәні мұғалімдері Н.Шанетова, А.Жанысбекова, С.Бегимбетовалар алғыс
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН" АТТЫ БАЙҚАУ
14
ақпан
2023
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН" АТТЫ БАЙҚАУ
    "Біртұтас ұлт-біртұтас әскер" жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында Ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және ардагерлердің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, 10-11 сынып патриоттық клубтар  арасында "Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын" атты әскери-спорттық байқауы өтті. Байқау барысында №68 жалпы орта білім беретін мектебінің "Жас сарбаз" тобының оқушылары Аллақұл Әлия, Пердебек Диана, Тәліп Назым, Туребаев Жанболат, Кенжебай
"ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ЕСІМ" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ БАЙҚАУЫ
14
ақпан
2023
"ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ЕСІМ" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ БАЙҚАУЫ
     Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  130 жылдық мерейтойына орай «Ұмытылмас ұлы есім» тақырыбында өткен көркемсөз оқу байқауында мәнерлеп оқу қабілетімен ерекшеленіп, өз деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 6«Ә» сынып оқушысы Ағабек Нұртілеу 1-орын иеленсе, 10«Б» сынып оқушысы Маткулов Біржан 2-орын, 6«А» сынып оқушысы Аллақұл Әсия 3-орын иеленіп мектеп директоры Пржанова Гулнур Аскербекқызының мадақтамасымен марапатталса, қалған оқушылар алғыс