22
ақпан
2024
«Құмар ойындардың қақпаны-ұялы телефон мен компьютер»
«АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» орталығының жоспары бойынша 2 «А», 2 «Ғ» сынып жетекшілері А.Б.Шапашова мен Б.Н.Кожамуратовалар ата-аналарына «Құмар ойындардың қақпаны-ұялы телефон мен компьютер» тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында «XXI ғасыр ата-аналары қандай болуы керек?» тақырыбында постер қорғады және тақырыптық баяндамаға сай ата-аналардан "Додэкаэдр" әдісі арқылы сұрақ- жауап жүргізілді. Берілген тапсырма қаншалықты қиын болса, бала жанына соншалықты түсіністікпен қарауға шақырды. Ата-аналармен «Шар жару» ойыны ойнатылды.