24
мамыр
2022
МЕКТЕПТЕГІ ЛОГОПЕД МАМАННЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта мектебінде логопункт ашылды. Осыған орай, логопед маманы Р.Е.Ашықбаева логопед жұмысы туралы түсінік беріп, оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Сынып жетекшілеріне тіл дамыту ерекшеліктері, педагогикалық-психологиялық қолдау, ерекше білімді қажет ететін, тіл кемшілігі бар оқушылармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу бойынша баяндама оқыды. Аталған оқушылармен ата-аналардың, сынып жетекшілер, логопед және психолог мамандарының тығыз байланыста жұмыс жүргізуде айтарлықтай жақсы нәтижеге жетуге, оқушылардың тіл кемістігін дамытуға болатыны жөнінде айтты.


