27
желтоқсан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Шанетова мен кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева 8«Г» сынып оқушыларымен Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» шығармасын сюжет желісі бойынша және өмірмен байланыстыра отырып талдады. Оқушылар шығармадан алған әсерлері туралы өз ойларын еркін жеткізе білді. Бүгінгі шараның мақсаты балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.






