«Дублер күні» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қазан
2025

«Дублер күні»

   Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы»  орталығының 2025 жылдың 
29  қыркүйектегі №15-53-346  санды хатына сәйкес  03 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай №68 жалпы орта білім беретін мектебінде  мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қасиеттерін іске асыру мақсатында «Дублер күні» ұйымдастырылды.
 Дублер күні - бұл оқушылардың нағыз мұғалімдер бола алатын күні, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады.
 Бұл күні мектеп әкімшілігі мен  мұғалімдерінің рөлін мектеп парламенті және  жоғары сынып оқушылары атқарды.Дублер күні кезінде лауазымын ауыстыратын  тұлғалар мен олардың  дублершылары нұсқаулық өткізді. Нұсқаулық кезінде өз міндеті туралы қысқаша баяндап, дублер өткізуді жоспарлап, негізгі іс-шаралар тізбесін талқылады. 
Осы жауапты іс-шараны  оқушылар жоғары дайындықпен өткізіп, олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Таңертеңнен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады,осы күні мектепте тәртіп қатаң қадағаланды. Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әрқайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу қиын ғана емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив