23
қыркүйек
2022
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды!»
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды!». Мектептің акт залында аталған тақырыпта 9-11 сынып оқушылары арасында ұлдар жиналысы өтілді. Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарды пайдаланып қана қоймай, өз міндеттерін орындау керек. Ұлдар кеңесінің негізгі тақырыбы мектептің ішкі тәртіп ережелерінің орындалуы жайында болды. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Альжанов пен мектеп ішінен құрылған «Өнеге» тобы мүшелері жиынға қатысқандарға тәртіп сақтау мен ережеге бағыну, өнегелі азамат болып қалыптасу жайында әңгіме жүргізді. Даналы сөздер, азамат болып қалыптасудың жолдары айтылды.


