#Repost @68.mektep Ұл тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктері... » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #Repost @68.mektep Ұл тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктері...
16
шілде
2023

#Repost @68.mektep Ұл тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктері...

1 қателік-ұл балаға жылулық бермеу, оны сүймеу, құшақтамау. Қыз болсын,ұл болсын анасының аялы алақанын, жылы құшағын қалайды.Ұлым жігіт болмай қалады, еркек атына ұят болады деп оны құшақтауға қысылатын аналар жоқ емес, баршылық.Осыдан ананың махаббатын толық сіміріп ішіп көрмеген бала ересек өмірде махаббатын құмар ойыннан, ащы шөлмектен т.б тәуелділіктен табатынын ұмытпаңыз.Ұл балаға барынша махаббат беру-оның нағыз тұлға, ер азамат болып өсуіне көмегі зор.
 
2 қателік-ұл бала өмірінде тек ананың басты рөл атқаруы.5 жастан кейін ұл бала анасын әкесінен қызғанып, әкесімен конкурент бола бастайды, яғни әкесі секілді сөйлеп,әкесінің іс-әрекеттерін қайталайды. 5 жастан кейін ұлдың тәрбиесін әкесіне жүктеңіз, ер адамның үлгісін әкесінен алғаны маңызды.
 
3 қателік-ұлдарға міндеттеме мен жауапкершілік жүктемеу. Ұлдарға үй шаруасына араласу жат,қыздардың тірлігі деп баланы еш тірлікке араластырмау. Осы орайда пайғамбарымыздан үлгі алуды ұсынамын. Хадисте  асыл Пайғамбарымыз өз киімін өзі тігіп,үй шаруасына көмектескен. Бұны қазіргі енелер баласының әйеліне көмектесіп, картоп аршып отырғанын көрсе "қатынжанды"дер еді-ау. Бұның  пайғамбарымыздан келген үлгі екенін ұмытпағайсыз...
 
4 қателік -ұл балаға шектен тыс қамқорлық. Баланың табиғаты-қорғаушы, зерттеуші, жаулап алушы. Көбірек физикалық активтілік жасауға,қорғану, конфликт жасау, әлемді тануға құмар.Тым шектен тыс қорғау  мен оған еркіндік бермеу арқылы ұлдағы ер адам үлгісін жоясыз.Тіпті 5 қыздан кейін зорға туған жалғыз ұлыңыз болса да, баланың қателіктеріне көз жұма қарамаңыз..
 
5 Қателік-ұлдар жыламайды!Ұлдар сонда бала емес пе?Ұлдар  міндетті түрде көк түсті киім кию керек, қуыршақпен ойнамау керек деген стереотипті құйып алғанбыз. Қызыл түсті кофтаны кисе  не қылыпты тәйірі? Ұлдар жыласа, эмоциясын шығарғанда тұрған не бар?
 
Ал сіз осы пікірмен келісесіз бе? Сіздің ұл тәрбиесіндегі қағидаңыз қандай? 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив