Мероприятие » Страница 58 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
"МЕЙІРІМДІЛІК-БАҚЫТ БАСТАУЫ" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ
22
октябрь
2022
"МЕЙІРІМДІЛІК-БАҚЫТ БАСТАУЫ" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ
   Бүгін 22.10.22ж. мектебімізде "Үштік одақ: ата-ана -мұғалім-оқушы" арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында 9"Г" сынып жетекшісі Т.Абдрашова мен ата-ана Б.Мусаханова "Мейірімділік-бақыт бастауы" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар ата-аналармен қарым-қатынастары жайлы әңгімелеп, түрлі жағдаяттарға пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты. Сонымен бірге "Мейірімділік шуағы" тақырыбында постер қорғап, сабақ соңын "Мейірімділік ағашын" өсірумен қорытындылады.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
22
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    "Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында "Кел, кітап оқиық!" тақырыбында 3"А" сынып жетекшісі А.Абдураимбекова Марк Твеннің "Батылдық" әңгімесі, 3"Г"сынып "Екі дос" әңгімесі және 3"Ғ" сыныбы Ы.Алтынсариннің "Жаман жолдас" әңгімесін талқылады. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту , шыншылдыққа, адалдыққа, достықты қадірлеуге үйрету. "Хороший кітап-жан азығы" дегенде й оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыра білейік!
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
21
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3"В" сынып жетекшісі К.А.Достаева «Кел, кітап оқылық!» тақырыбында «Бақша ағаштары» әңгімесін оқып, талқыласа, 3"Ә" сынып жетекшісі В.Карибозова оқушыларымен «Сауысқан мен көкек» ертегісін оқып, өз ойларымен бөлісті. 3"Б" сынып жетекшісі М.Атыхаева «Сиқырлы думан» атты ертегіні оқып, танысып талдау жасады. Бастауыш сынып оқушылары кітап білімді, ақылды, үздік болуға үйретеді деген ойларын бала тілімен жеткізе білді.
"АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА" ТАҚЫРЫБЫНДА ЭССЕ БАУҚАУЫ ӨТТІ
21
октябрь
2022
"АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА" ТАҚЫРЫБЫНДА ЭССЕ БАУҚАУЫ ӨТТІ
    7-сыныптар арасында қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Н. Калмурзаева мен кітапханашы Л.Лауланбековалардың ұйымдастыруымен  "Артық білім кітапта" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: білімнің кітап арқылы берілуін ұғындыру, оқушыларды білімді болуға, кітапты көп оқуға деген қызығушылығын арттыру. Байқау қортындысы бойынша жүйелі әрі сауатты жазған оқушылардың жазба жұмысы жүлделі орындармен марапатталады. Еліміздің мәртебесі асқақ, болашағы жарқын болсын!!!!
"КЕЛ, КІТАП ОҚИЫҚ!"
21
октябрь
2022
"КЕЛ, КІТАП ОҚИЫҚ!"
  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кел, кітап оқиық!» тақырыбында 4"Д" сынып жетекшісі Ж.Тасболат оқушыларымен Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін оқып, талқылады. Оқушылар сабырлы боламыз, ашуланбаймыз деп,  балалық тілмен өз ойларын жеткізді. Әрі қарай "Иә-жоқ" ойынын ойнап, "Кітап сөрелерде жатқанды ұнатама?", "Кітап бетіне сызуға болама?", "Кітап жауын, суды ұната ма?" т.б  сұрақтарға жауап беру арқылы, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
19
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6"в" сынып жетекшісі Г.Акилова "Кітап-білім бұлағы" атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар С.Муратбековтың "Жусан исі" кітабын оқып, мазмұнын талқылады. Ашық сабақтың мақсаты: оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыру.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
19
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6"Д" сынып жетекшісі П.Абенова мен ата-ана Тәтім Айжан біріге отырып "Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге!" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды бiлiмдi болуға, кітапты  оқуға деген қызығушылығын арттыру арқылы, окушылардың  кiтапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, кітапханадан оқуға алған қызықты кітаптарындағы әңгімелерімен бөлісті.
"ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
19
октябрь
2022
"ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
    10«А» сынып оқушысы Көптілеуова Ұлпанай анасы Бакбергенова Гулсим Султанаевнамен бірге сынып оқушыларына "Жасөспірімдер және зиянды әдеттер" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушыларды түрлі зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстап, зорлық-зомбылыққа, құқық бұзушылыққа жол бермей, бір бірімен тату-тәтті тұруға, нағыз өз елін, тілін,  Отанын сүйетін  патриот, білімді, тәрбиелі  оқушыларды дайындау. Іс- шараға уақыт бөліп, белсене ат салысқан ата-анаға алғыс білдіреміз.
"ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ" АПТАЛЫҒЫ
18
октябрь
2022
"ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ" АПТАЛЫҒЫ
     "Оқушыларды ББЖМ-ге дайындауда химия-биологияның рөлі" атты химия-биология бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес, биология пәнінің мұғалімі  А.Е.Тюльтебаева 9«Б» сыныбында  «Жасушалық биология (жасушаның компоненттері)", "Қоректену типтері" мен "Экология және биосфера" бөлімі бойынша ашық сабақ өтті. Негізгі мақсаты: Оқушыларды ББЖМ-ға дайындауда өтілген тақырыптарды қортындылап, есте сақтау. Мұғалім сабақ барысында түрлі әдіс тәсілдерді атап айтсақ word wall платформасын пайдаланып,
«ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ» АПТАЛЫҒЫ
18
октябрь
2022
«ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ» АПТАЛЫҒЫ
    «Оқушыларды ББЖМ-ге дайындауда химия-биологияның рөлі» атты химия-биология бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес, химия пәні мұғалімі  Г.У. Лесбаева "Жылыжайдағы ғылыми жұмыстар" тақырыбында 9 «А», 7 «В», 7 «А» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар өздерінің баптап, қарап келген гүлдерін ғылыми жобада қорғап, олармен таныстырып, практикалық жұмыс жасалып, нәтижесі талқыланды. Жылыжайда гүлдердің бірнеше түрлері бар. Олар, әйел бақыты, герань, глобус, канны, каланхое,