Мероприятие » Страница 61 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жалғасын табуда
01
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жалғасын табуда
    Мектепте "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі пән мұғалімі Н. Шанетованың ұйымдастыруымен 10 Б-сыныбының оқушылары Б.Тұрғынбай және Э.Игембердиева  жазушы Шыңғыс Айтматовтың "Алғашқы ұстаз" повестінің сюжет желісі бойынша өмірімен байланыстыра отырып шығарманы талдады. Оқушылар өмір құндылықтары, ұстаздың, ата-ананың қадірін білу, шығармадан алған әсерлері туралы өз ойларын еркін жеткізе білді. Бүгінгі шараның басты мақсаты оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру,
"Қыз - өмірдің қызғалдағы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
30
сентябрь
2022
"Қыз - өмірдің қызғалдағы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
  Мектебімізде 8 "Б" сынып қыздарымен "Қыз - өмірдің қызғалдағы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. "Қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт - байлық ошағы,  адамзаттың өсіп - өркендеп, тәлім тәрбие алатын қасиетті ұясы" Әжелер клубының төрайымы Г.Бекайдарова,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Абдрахманова, қыздар ұйымының мүшесі М.Қосыбаевалар қыз - бала тәрбиесіне тән қасиеттерді атап айтып, ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі екеніне тоқталды.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жалғасын табуда
30
сентябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жалғасын табуда
  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында 2 «В» сынып оқушылары арасында" 20 минуттық оқу" іс-шарасы өткізілді. Оқушылар ертегілер еліне саяхат жасады. Кішкентай балаларға арналған ертегілер кітабынан - «Түлкі мен тырна» ертегісін талдады. 
"ҚЫЛМЫССЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" апталығы.
29
сентябрь
2022
"ҚЫЛМЫССЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" апталығы.
    Мектепте 2022 жылдың 26-30 сентябрь күндері аралығында "Қылмыссыз балалық шақ" апталығы өткізілуде. Апталықтың ашылуы жиынында "Жасөспірім және заң" тақырыбында баяндама оқылып, апталық барысында атқарылатын іс-шаралар жоспары таныстырылды. Апталық өткізілудегі мақсат: оқушыларға қылмыс туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне баулу, тәрбиелеу.
«Балалар әлемі» жобасы
29
сентябрь
2022
«Балалар әлемі» жобасы
     Дарын орталығы КММ, «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты КЕАҚ-ның ҚР Информация және қоғамдық даму минстрлігінің  қолдауымен 23.09.22ж. күні мектебімізде «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауының мектепішілік кезеңі  3-10—сынып оқушылары арасында өткізілді. Байқауға қатысушылар бірінші (мектепішілік) кезеңнің қорытындысы бойынша 3«А» - сынып  Шернияз Қарақат, 6«Ә» - сынып  Бекжасар Ақерке, 6«Д» - Ақылбай Қаракөз, 8«Б» - сынып Аманбай Мерей, 10«Б» - сынып
"КІТАП-БІЛІМ ҚАЗЫНАСЫ"
29
сентябрь
2022
"КІТАП-БІЛІМ ҚАЗЫНАСЫ"
   Оқуға құштар мектеп аясында "КІТАП-БІЛІМ ҚАЗЫНАСЫ" тақырыбында жас буын  мектеп оқушыларының білімділігін, сауаттылығын арттыру, оқырманды кітапханаға тарту мақсатында "Coworking"  бұрышы ашылып, көпшілік оқырмандар қызыға келіп кітап оқуда. Негізгі мақсат, бірлесіп жұмыс істеу.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6 «А» сынып оқушылары арасында" 20 минуттық оқу" іс-шарасы өткізілді.
27
сентябрь
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6 «А» сынып оқушылары арасында"
   Мектеп кітапханасында,  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6 «А» сынып оқушылары арасында" 20 минуттық оқу" іс-шарасы өткізілді. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың - «Үш бақытым» өлеңін, қазақ әдебиетінен - «Аяз би» ертегісін, Герберт Уэльстің - «Уақыт машинасы»  кітабын, Әлия Беркімбаеваның «Дәуіт атайдың ертегілері» атты кітаптарын оқып  талқылады.
"Тіл-ұлттың кепілі" атты онкүндік  іс-шара өткізілді.
26
сентябрь
2022
"Тіл-ұлттың кепілі" атты онкүндік іс-шара өткізілді.
   Қазақстан тілдер мерекесі күніне арналған "Тіл-ұлттың кепілі" атты онкүндік  іс-шара  жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ғ.Сабырбекқызы, А.Өмірбаева, Ж.Абылаева сыныптан тыс сабақ ұйымдастырды. 4-сынып оқушылары "Шалқан" ертегісін қойып, сол ертегідегі кейіпкерлердің рөлін ойдағыдай сомдап шықты. Тіл туралы өлең шумақтарын қазақ тілі мен орыс тілінде мәнерлеп оқып, би билеп, ән салды. Әдістемелік бірлестік жетекшісі АбдрашоваТанзиля Оразалиевна оқушыларға шығармашылық
27 сентябрь Бүкіләлемдік туризм күніне арналып туристік іс-шара өткізілді.
26
сентябрь
2022
27 сентябрь Бүкіләлемдік туризм күніне арналып туристік іс-шара
    27 сентябрь бүкіләлемдік туризм күніне арналып 21-23 сентябрь күндері аралығында Ақсу лагерінде өткізілген мектепаралық туристік іс-шараға мектебіміздің оқушылары белсене қатысқаны үшін "Қыран" командасы және топ жетекшісі Нурпейсова Ләззат Әбдуалиқызы Алғыс хатпен марапатталды. Іс шара барысында.  •Визиттік эмблемасының таныстырылымы.  •Кедергілер жолағы.  •Топографикалық  шартты белгілер.  •Түйін байлау тәрізді ойын түрлері өткізілді.
"Творчество А.Байтурсынова" тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді
24
сентябрь
2022
"Творчество А.Байтурсынова" тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді
   Тілдер мерекесі күніне арналған "Тіл-достықтың кепілі" атты онкүндік жоспарына сәйкес және де "А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толу мерей тойына орай" орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Г.Сауганова мен А.Балажанова 8-9 сынып оқушылары арасында "Творчество А.Байтурсынова" тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Оқушылар А.Байтұрсыновтың шығармасынан үзінділер оқып, оқудың маңыздылығы мен тиімділігі туралы өздері айтып өтті. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Т.Абдрашова қатысқан оқушыларға