18
мамыр
2026
📢 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуы мерекесі мен қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты, соның ішінде:
4, 9, 11-сынып бітіруші оқушылар мен ата-аналардың назарына келесі маңызды ескертулерді ұсынады:
📍 Педагогикалық әдептілік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беруіне немесе ақша жинауына қатаң түрде тыйым салынады.
📍 Аниматорлар, түрлі студиялар мен мерекелік агенттіктерді шақыруға рұқсат етілмейді.
📍 Мектептің жөндеу жұмыстарына немесе санитарлық-шаруашылық қажеттіліктерге арналған заттарды сатып алу үшін оқушылардан немесе ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
📍 Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік керуенін ұйымдастыруға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да көңіл көтеру орындарына баруға жол берілмейді.Сонымен қатар, табиғат аясында демалыс ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
📍 Мектеп аумағында немесе мектептен тыс жерде ата-аналардың бастамасымен мерекелік дастархан жайып, қаражат жинауға тыйым салынады.
📍 Қорытынды аттестаттау кезінде оқушылар мектеп формасын сақтап, тәртіп пен жауапкершілікті қатаң ұстануы қажет.
📍 Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты.
Бұл талаптар педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізілген.
📍 Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігі мен тәртібіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Біздің басты мақсатымыз – балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру.
Құрметпен:
№68 жалпы орта білім беретін мектеп директоры
Пржанова Гулнур Аскербековна
Байланыс нөмірі:
+7 747 720 7463