19
тамыз
2026
«Жол қауіпсіздігі» жобасы: ЖЖИ жетекшісі «Ашық үзіліс» байқауында өз жобасын таныстырды
Қостанай қаласында өтіп жатқан Жас жол инспекторларының ХХІ слеті аясында «Жол қауіпсіздігі» жобасы бойынша ЖЖИ жасақтарының жетекшілері арасында «Ашық үзіліс» байқауы ұйымдастырылды.
Байқауда Шымкент қаласының атынан №68 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі, ЖЖИ жасағының жетекшісі Абдураимбекова Айнұр Бауыржановна өз жобасын таныстырып, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық шеберлігін көрсетті.
Қазіргі таңда Шымкент қаласының жас жол инспекторлары слет аясындағы түрлі байқауларда бақ сынап, туған қаланың намысын абыроймен қорғауда.
Айнұр Бауыржановнаға және Шымкент қаласының жас инспекторларына сәттілік тілейміз! Жеңісті күндер көп болып, елге жүлдемен оралуларыңызға тілектеспіз!