ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ «СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫ ҚОСТАНАЙҒА ЖОЛ АЛДЫ! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ «СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫ ҚОСТАНАЙҒА ЖОЛ АЛДЫ!
12
тамыз
2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ «СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫ ҚОСТАНАЙҒА ЖОЛ АЛДЫ!

      Шымкент қаласының намысын республикалық деңгейде қорғау мақсатында №68 жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан құралған «Сұңқар» командасы Қостанай қаласына жолға шықты.

Жас жол инспекторларынан құралған «Сұңқар» командасы - тәртіп пен жауапкершілікті ту еткен, жол қауіпсіздігі мәдениетін насихаттауға белсенді үлес қосып жүрген білімді де талапты жас өрендер.

Алдағы республикалық байқауда жас қырандарымыз өздерінің білімін, ұйымшылдығын, шапшаңдығын, тапқырлығы мен көшбасшылық қабілеттерін көрсетіп, Шымкент қаласының абыройын асқақтатуға бар күш-жігерін салмақ.

Бұл - тек жарыс емес. Бұл - білім мен тәртіптің, жауапкершілік пен бірліктің сыналар алаңы. Әрбір кезеңде туған қаласының намысын арқалап шығатын «Сұңқар» командасының мақсаты айқын, жігері нық!

Күнгейден қанат қаққан «Сұңқар» Қостанай төрінде биіктен көрінсін!

Шымкенттің намысын арқалаған жас қырандарымызға ақ жол, сәттілік және жеңіс тілейміз!

Алға, «Сұңқар»! Алға, Шымкент!🇰🇿

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив