«Балдаурен-2026» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
маусым
2026

«Балдаурен-2026»

    №68 жалпы орта білім беретін мектебінің «Балдаурен-2026» жазғы лагері өз жұмысын қызықты әрі мазмұнды жалғастыруда.
28 мамыр – 5 маусым аралығында өткен І маусымның салтанатты жабылу рәсімінде лагерь жұмысына белсенді қатысып, өнері мен қабілетін көрсеткен оқушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған маусым көптеген жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы болды.
Сонымен қатар, лагерьдің ІІ маусымының салтанатты ашылуы өткізілді. Жаңа маусымның басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және қызықты іс-шаралар арқылы көңілді демалыс сыйлау.
Барша оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын жетістіктер және қызықты жазғы күндер тілейміз! ☀️🎉





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив