«Кітап оқитын ұлт» жобасы » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
маусым
2026

«Кітап оқитын ұлт» жобасы

        «Кітап оқитын ұлт» тақырыбында лагерь тәрбиеленушілері топтар бойынша кітап оқып, шығармалардың мазмұнын талқылады.
Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармалардың тәрбиелік мәнін түсіндіру, оқыған туындыларын талдап, өз пікірлерін еркін жеткізуге үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
📚 Қыран тобы – «Доктор Айболит» шығармасын оқып, мейірімділік пен қамқорлық туралы ой бөлісті.
📚 Барыс тобы – Ә. Қоңыратбаевтың «Сұр көжек» шығармасын талқылап, табиғатты аялау мен жануарларға жанашырлық таныту жайында пікір алмасты.
📚 Көгершін тобы – Кэтрин Рейнердің «Бес аю. Достық туралы хикая» кітабын оқып, достықтың қадірі мен өзара сыйластықтың маңызын түсінді.
📚 Балдырған тобы – Спандияр Көбеевтің «Кім күшті?» шығармасын оқып, бірлік пен ақылдың күшін талқылады.
📚 Жұлдыздар тобы – Е. Тоқтарбайдың «Тау құсы» шығармасы арқылы туған жерге сүйіспеншілік пен табиғаттың әсемдігі туралы ой қозғады.
📚 Достық тобы – Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, ақынның өнегелі сөздері мен тәрбиелік ойларын талдады.
📚 Жауқазын тобы – Әлия Беркімбаеваның «Дәуіт атайдың ертегілері» шығармасын оқып, ертегідегі ізгілік пен адамгершілік қасиеттер туралы пікір алмасты.
Талқылау барысында оқушылар шығармалардың негізгі идеясын анықтап, өз ойларымен бөлісіп, кітаптан алған әсерлерін ортаға салды.











Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив