Ақпарат » Страница 10 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қыс – 2025»
13
қараша
2025
«Қыс – 2025»
  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылғы 14 тамыздағы №4-1/3056-И хатына сәйкес Шымкент қаласы №68  жалпы орта білім беретін мектебінде «Қыс – 2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді.   Мақсаты — қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша мектеп ұжымы мен оқушылардың, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің әрекеттерін пысықтау.
«Құт пен кемелдік жолы»
12
қараша
2025
«Құт пен кемелдік жолы»
   Рухани сабақ, парасатты пікір, даналықтан дән алған күн! Мектебімізде түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Жүсіпбек Баласағұнның «Құтты білік» дастанына арналған «Құт пен кемелдік жолы» атты әдеби сыр-сұхбат өткізілді.  Дөңгелек үстелдің мақсаты – түркі әдебиетінің інжу-маржаны саналатын «Құтты білік» дастанындағы адамгершілік пен ізгілік, әділдік пен парасаттылық, білім мен кемелдікке бастайтын өмірлік қағидаларды ұғыну, сондай-ақ оқушыларды ұлттық рухани мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу
🚦"АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР!"
12
қараша
2025
🚦"АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР!"
  Шымкент қаласы Полиция департаментімен Жол қауіпсіздігі апталығы өткізілуде. Акция -жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.  11-қараша №68 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқуышларына мектеп инспекторы және «Жас инспектор» клубының мүшелерімен ұйымдастырылған «Абайлаңыз, балалар!» атты  іс –шара болып өтті.  Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде 10.11-21.11.2025 ж. аралығында «Learn English-open the world» тақырыбында онкүндік өз бастауын алды.
11
қараша
2025
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде 10.11-21.11.2025 ж.
   №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 10.11-21.11.2025 ж. аралығында «Learn English-open the world» тақырыбында онкүндік өз бастауын алды. Оның аясында түрлі танымдық іс-шаралар, әдеби кештер, көрмелер мен интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылып, оқушыларымызға тілдің қадір-қасиетін ұғындыру, туған тілді қастерлеуге баулу мақсат етілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10.11.2025ж оқушыларға арналған бір күндік ас мәзірі.
11
қараша
2025
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10.11.2025ж оқушыларға арналған бір күндік ас мәзірі.
📚 Ашық сабақ – "Таза Қазақстан" 🌿
11
қараша
2025
📚 Ашық сабақ – "Таза Қазақстан" 🌿
📚 Ашық сабақ – "Таза Қазақстан" 🌿 Мекеме: №68 жалпы орта білім беретін мектебі Сынып: 7 "Д" Сынып жетекшісі: Л.Нурпейсова Бүгін 7 "Д" сыныбында "Таза Қазақстан" тақырыбында тәрбиелік мәні зор ашық сабақ өтті. Сабақтың негізгі мақсаты — оқушыларға табиғатты аялауды, қоршаған ортаны таза ұстау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды үйрету. 📽️ Сабақ барысында оқушылар бейнеролик көріп, талқылауға қатысты.   🧠 Өз ойларын ашық айтып, табиғатты қорғауға арналған ұсыныстарын білдірді.   🌿 Экология
«Мен Тәуелсіздікке қандай үлес қоса аламын?»
11
қараша
2025
«Мен Тәуелсіздікке қандай үлес қоса аламын?»
   №68 жалпы орта білім беретін мектебінде  10.11.2025ж күні  І тоқсанның үлгерімі бойынша үздік  оқушылардан қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Н.Шанетова «Тәуелсіз елдің болашағын мен қалай елестетемін?», «Мен Тәуелсіздікке қандай үлес қоса аламын?» тақырыбында 9-11-сыныптардан эссе жұмысы алынды. Мақсаты:  еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Білім
“ Стресске қарсы эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру”
10
қараша
2025
“ Стресске қарсы эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру”
   Шымкент қаласы білім басқармасының “Психологиялық қолдау орталығы”  10-21 қараша күндері аралығына берген тапсырмасы бойынша мектеп психологы  Гүлмира Жұмахметова 8-сынып оқушыларына “ Стресске қарсы эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру” тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: оқушыларға стресс деген не екенін , оның адам өміріне және денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін түсіндіру. Оқушылар тренингке белсенді қатысып отырды. Психолог стресстің түрлері және одан қалай арылу қажет
«Қызыл Жебе”
07
қараша
2025
«Қызыл Жебе”
  №68 жалпы орта білім беретін мектебінде І тоқсан демалыс кезінде Ш.Мұртазаның «Қызыл Жебе” романын оқыды.  Мақсаты: “Қызыл Жебеде” тарихи тұлғаның өмірі мен қызметі арқылы халық бейнесі,тұтас бір елдің өмір-тарихы аясында бүкіл бір дәуірдің аса ірі саяси-әлеуметтік шындық оқиғаларын баяндап берді. Оқушылар “Қызыл Жебенің негізгі қаһарманы-халық” деп қорытындылады.
«Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуы
07
қараша
2025
«Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуы
   2025 жылдың 5-қараша күні №68 жалпы орта білім беретін мектебінде  оқушылардың тәртіп мәдениетін нығайту, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ананың жаупкершілігін арттыру және мектеп пен отбасының өзара  байланысын күшейту мақсатында  №2 ата-аналар отырысы болып өтті.  Күн тәртібінде Баяндама. «Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуы». Мектептің ішкі тәртіп ережесінің сақталуы ДТЖЖО Ж.А.Альжанов Баяндама «Қиындық тудыратын оқушылармен жұмыс» ДТЖЖО М.П.Альменова  «2ГИС»