30
сәуір
2025
«Театр және балалар»
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде 29 сәуір күні «Театр және балалар» жобасының ұйымдастырумен бастауыш сынып оқушылары Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында болып өткен «Жалқаудың жыры» ертегісін тамашалап қайтты.
Айдана Аламанның «Жалқаудың жыры» ертегісі қазіргі балалар қоғамында, әр отбасында болатын оқиғаны Жігер атты кейіпкердің күнделікті өмірі арқылы суреттеді. Ертегінің жас бүлдіршіндерді, достыққа адал болу, өз дегеніне жету, еңбекқорлық пен әдептілік секілді ізгі адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында тәрбиелік мәні үлкен. Ақпараттық технологиялар дамыған заманда бала санасы мен ой өрісіне пайдасымен қатар кері әсерін тигізетін смартфондарды сөйлетіп, ойыншықтарды тірілтті. Қойылым кішкентай көрермендерді жалқаулық пен еріншектіктің арты жақсылыққа апармайтынын ерекше тартымды әрі шытырман оқиғамен өзіне баурап алады.