20
сәуір
2022
«ТЕАТР – ҒАЖАЙЫПТАР ӘЛЕМІ» апталығы
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде тәрбие жұмыстарының тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру мақсатында көп мәдениеттілік және көркем – эстетикалық бағыты бойынша «БАЛАЛАР және ТЕАТР» жобасы аясында 2022 жылдың 18 – 25 сәуір аралығында «ТЕАТР – ҒАЖАЙЫПТАР ӘЛЕМІ» атты апталық ұйымдастырылып, апталықтың ашылу жиыны өткізілді. «Жалпы театр өнері және қазақ театры» тақырыбында баяндама оқылып, Театр туралы түсінік беріліп өтті. Апталық барысында, театрландырылған қойылымдар, бастауыш сыныптар арасында «Ертегілер елінде» сахналық қойылым сайыстарын өткізу жоспарланған.