🚦"АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР!" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қараша
2025

🚦"АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР!"

  Шымкент қаласы Полиция департаментімен Жол қауіпсіздігі апталығы өткізілуде.
Акция -жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. 
11-қараша №68 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқуышларына мектеп инспекторы және «Жас инспектор» клубының мүшелерімен ұйымдастырылған «Абайлаңыз, балалар!» атты  іс –шара болып өтті. 
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. 
Біз барлығымыз жол қозғалысының қатысушысымыз: жүргізуші немесе жаяу жүргінші.

Әрқайсымыздың жауапкершілігіміз бен ережелерді сақтауымыз өзгенің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Сондықтан, баршаны жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтап, балаларға үлгі болуға және қауіпсіздікке аса мән беруге шақырамыз.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив