“ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР - БІРГЕ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН” атты Республикалық акция 21.11.2025 ж » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР - БІРГЕ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН” атты Республикалық акция 21.11.2025 ж
21
қараша
2025

“ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР - БІРГЕ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН” атты Республикалық акция 21.11.2025 ж

  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті бекіткен «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі жобалар аясында еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында 2025 жылғы 21 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» атты Республикалық акция бастау алған болатын. Акцияның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынудың маңызын түсіндіру және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін нығайту.

  📌 №68 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасында бірыңғай мазмұндама жазу ұйымдастырылды. Мектептің 7-8 сынып оқушылары «Заң мен тәртіп » тақырыбы бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Бұл мазмұндама оқушылардың құқықтық құндылықтарды түсінуіне, заңды құрметтеуге, әділдік пен жауапкершілік ұғымдарын тереңірек сезінуіне бағытталды.

  📌Ал 9–11 сынып оқушылары «Полиция мен балалар – қауіпсіздік үшін бірге» тақырыбында мазмұндама жазып, қоғамдағы құқық қорғау органдарының рөлін, полиция мен балалар арасындағы өзара сенім мен әріптестіктің маңызын талқылап, өз көзқарастарын білдірді. Жоғары сынып оқушыларының жұмыстары қоғамдағы қауіпсіздікті сақтау тек полицияның ғана емес, әрбір азаматтың міндеті екенін ұғындыруды мақсат етті.

  📌Мұндай бірыңғай мазмұндама жұмыстары оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда тиімді құрал болып саналады. Балалар заң талаптарын білу арқылы өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге, қоғамдық ортада қауіпсіз мінез-құлық нормаларын сақтауға үйренеді. Сонымен қатар акция полиция қызметкерлері мен жасөспірімдер арасында ашық диалог орнатуға, олардың бір-бірін жақсырақ түсінуіне ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив