"ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ — БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ — БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ"
10
желтоқсан
2025

"ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ — БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ"

   Шымкент қаласы №68 жалпы орта білім беретін мектебінде ұлттың мақтанышына айналған, қаһарман қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай "Ұлт мақтанышы — Бауыржан Момышұлы" тақырыбында "Әскери-патриоттық сайыс" іс-шарасы ұйымдастырылды. 
"Жас сарбаз" сынып оқушылары әскери іс-қимыл әрекеттерін көрсетіп музыкалық арнауларын орындады. 9,10 сынып оқушылары арасында тартысты әскери-патриоттық сайыс өткізілді. Қонаққа келген ГКӘТжәне ВКШӘТ Ардагерлері  төрелік жасап, әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды дипломдарымен марапаттады. 

Шараның мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, әскери тәртіпке бейімдеу, батыр бабамыздың ерлік жолын насихаттау. 
Іс-шара барысында оқушылар саптық дайындық көрсетті, патриоттық әндер шырқалып, Бауыржан Момышұлының ерлігі туралы деректермен таныстырылды. Сонымен қатар, әскери ойындар мен спорттық жаттығулар да өткізіліп, оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде байқалды.
Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рух пен жауапкершілік сезімін дарытуда үлкен рөл атқарады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив