"АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ, АТА ЖОЛЫН ҚУСА ИГІ" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ, АТА ЖОЛЫН ҚУСА ИГІ"
23
қаңтар
2024

"АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ, АТА ЖОЛЫН ҚУСА ИГІ"

"АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ, АТА ЖОЛЫН ҚУСА ИГІ" 
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕУ мақсатында, "АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ, АТА ЖОЛЫН ҚУСА ИГІ"  айдарымен өнер адамдарымен кездесу өткізілді. 
Қонаққа: 1) Ақын, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының мүшесі «Қызық жұрт» жыр жинағының авторы, Батырбек Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп интернатының айтыс пән мұғалімі Анарбаев Бекмұрат Сапарханұлы; 
2) Жас ақын Аллажар Бекмұратұлы; 
3) Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің өнер және білім факультеті кәсіптік білім беру және бейнелеу өнері кафедрасының ұлттық аспап жасау шебері Утеболатов Самат Кеңесұлы; 
4) Атақты күйші-композитор Сүгір Әлиұлының шөбересі, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Айтбаев Сәбит Алдабергенұлы шақырылды. 
           Кездесу барысында ұлттық аспаптар жасау шебері Самат Кеңесұлы өз қолымен жасаған ұлттық аспаптарын әкеліп, көрме ұйымдастырды. Әр аспап жасаудағы қиыншылығы мен қызықшылығымен бөлісіп, аспаптарда ойнап көрсетті. Бұл өнер әкесінен дарып, әке жолын жалғастырып келе жатқанын айтты. 
Ақын «Қызық жұрт» жыр жинағы кітабының авторы  Бекмұрат Сапарханұлы ақындық жолға келуін жастық шағында кітапты көп оқығандығымен байланыстырды. Қазіргі таңда 12 жасар ұлы Аллажар суырып салма ақындығымен елге танылып, жастар арасындағы ақындар айтысында  жүлделі орындар алып, әке жолын ұстанып келе жатқанын айтты. Ұлы Аллажар көрермендерге арнау айтып, көпшілікті тәнті етті. 
Күйші Сәбит Алдабергенұлына да оқушылар түрлі сұрақтар қойып, күй орындап беруіне қолқа салды.









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив