Мектеп жетістігі » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алтын күз-табиғаттың сырлы сыйы"
06
қараша
2025
"Алтын күз-табиғаттың сырлы сыйы"
   №68 жалпы орта білім беретін мектепте күз мерекесіне орай "Алтын күз-табиғаттың сырлы сыйы" тақырыбында күзгі жәрмеңке өтті.Оқушылар табиғи материалдарды қолдана отырып,күз бейнесін,күздегі қырман мен жеміс-жидектердің молшылығын,жан-жануарлардың тыныс-тіршілігін  шебер түрде макеттер арқылы бейнелесе,қылқалам шеберлері түрлі бояулар арқылы күз бейнесін қағаз бетіне түсіре білді.Жұмыстарға жауапты әділқазылар алқасы  баға беріп,жүлделі орындар үлестірілді. Жеңімпаздар мектеп директорының
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆
22
қазан
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆
   Шымкент қаласының Дене шынықтыру және Спорт басқармасы "Шымкент қаласының Дене шынықтыруды дамыту және іс шараларды өткізу дирекциясы" КММ ұйымдастыруымен Мұғалімдер күні мерекесіне орай мектеп және колледж қызметкерлері арасындағы спартакиада ♟️шахмат спорт түрінен өнер көрсетіп №68 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері Иманқұлов Асанбай мен Баетова Айна жүлделі ІІ орын иеленіп кубок және дипломдармен марапатталды.  Жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің абырайон асқақтатқандарыңыз
🏆ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏆
20
қазан
2025
🏆ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏆
   Шымкент қаласы "BI STYLE" халықаралық шығармашылық қауымдастығының ұйымдастыруымен көпжанрлы өнер байқауының "АСПАПТА ОЙНАУ"  номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ №68 жалпы орта білім беретін мектебінің әскери сыныбынан құралған оркестр "ЕР ТҰРАН" ансамблі иеленді.  🎉ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!🎉
Құттықтаймыз🥉
14
қазан
2025
Құттықтаймыз🥉
  Талас ауданында өткен аса көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ерi Дiнмұхаммед Ахметұлы Қонаев атындағы қазақ күресiнен 2010-2011жылы туған жасөспiрiмдер арасындағы III-шi Республикалық турнирiнде 3-орын иегері атанған мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушысы Молдабек Бибарыс марапатталды.
«Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем!»
04
қазан
2025
«Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем!»
   2025 жылдың 3 қазан күні  №68 жалпы орта білім беретін мектепте «Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны мектептің 11-сынып оқушылары тәрбие бөлімімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Оқушылар ұстаздарға арнап жүрекжарды құттықтау-тілектерін жеткізіп, ән шырқап, би биледі.    Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген өсиетіндей, жас ұрпақ ұстаз еңбегінің мәні мен тәлім-тәрбиенің өлшеусіз құндылығын тағы бір мәрте сезінді. Мерекелік іс-шара
"Жас инспекторлар "
17
тамыз
2025
"Жас инспекторлар "
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің "Жас инспекторлар " тобы Өскемен қаласында өткен Жас жол инспекторларының Республикалық слетіне қатысып, намысымызды қорғап қайтқан жас өрендерімізді  мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар және Шымкент қаласы Полиция департаменті мен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ыстық ықыласпен қарсы алды. Бұл тек бір сапар емес – балаларымыздың жүрегіне жол ережесін сақтау мәдениетін, Отанға деген сүйіспеншілікті,
🔥🔥🔥ГРАНТ-2025🔥🔥🔥
10
тамыз
2025
🔥🔥🔥ГРАНТ-2025🔥🔥🔥
 Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектептің  2024-2025 оқу жылындағы грант иегерлері анықталды.🎉🎓  Құрметті түлектер! Сіздердің ҰБТ нәтижесінде мемлекеттік білім грантына ие болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!  Сіздердің бұл жетістіктеріңіз — үлкен еңбектің, табандылық пен білімге деген құштарлықтың нәтижесі.  Мектебіміздің абыройын асқақтатып, болашаққа сеніммен қадам басып жатқандарыңыз — бәріміз үшін үлкен мақтаныш!  Жаңа белестер мен жарқын
"АЙБЫН-2025"
27
маусым
2025
"АЙБЫН-2025"
"АЙБЫН-2025" халықаралық әскери-патриоттық жиынында Шымкент қаласы "Арыстан" әскери-патриоттық клубы атынан қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген №68 жалпы орта білім беретін мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз! 🇰🇿 🏃‍♂️ Кенжебай Мадияр – кросстан  І-ОРЫН 🏋️‍♀️ Пердебек Диана – престен ІІ-ОРЫН  🔧 Пердебек Диана – автомат шашып-жинаудан ІІ-ОРЫН ♟ Тәтіш Асылайым– шахматтан (ұлдар мен қыздар арасында)  ІІ-ОРЫН 🏆 Командалық жалпы есепте –  ІІІ-ОРЫН Бұл – табандылық пен тәртіптің,
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏅
26
маусым
2025
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏅
  Халықаралық "Айбын"  әскери-патриоттық жастар жиынында АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау бойынша қыздар арасында жүлделі ІІ орынды  Шымкент қаласы,  "Арыстан" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі, №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 11"А" сынып оқушысы Пердебек Диана  Абылханқызы марапатталды!  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!🏆
22
мамыр
2025
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!🏆
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!🏆 Шымкент қаласы білім басқармасының  «Экология, өлкетану және  туризм орталығы» КММ ұйымдастыруымен  оқушылар  арасында  өткізілген  «Менің  Отаным - Қазақстан» туристік  экспедициялық  жасақтардың  республикалық  слетінің  қалалық  кезеңінде  «ЖАЛПЫ  КОМАНДАЛЫҚ  ОРЫН» бойынша  №68 жалпы орта білім беретін  мектебінің  «АТАМЕКЕН» командасы  жүлделі  ІІ  дәрежелі  Дипломмен  марапатталды. Жеңіс  құтты болсын!