"Қош бол, көңілді Жаз!" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
маусым
2025

"Қош бол, көңілді Жаз!"

№68 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагерінің 3-кезеңі 16.06-26.06.2025. аралығында өтті. Лагерьдің соңғы кезеңі де   балалар үшін есте қаларлықтай жарқын, қызықты, мазмұнды  өтті. Лагерь жұмысы балалардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, денсаулығын нығайтуға және достық қарым-қатынастарды орнатуға бағытталды. Атап айтсақ, "Кино әлеміне саяхат", "Витаминдермен дос болайық","Биле,Биле!","Менің сүйікті ертегілерім","Көңілді ойындар",Роботтар еліне саяхат","Жаз аруы-2025" , "Қош бол, көңілді Жаз!" іс-шаралары өте көңілді, мазмұнды өтті. Қызықты іс-шаралар арқылы балалар лагерьдің соңғы кезеңінің де өз мәресіне жеткенін байқамай қалды. Бұл кезең-балалар үшін қуаныш пен әсерге толы болды. Балалар танымдық тапсырмалар орындап, жауапкершілікті сезініп, қиял-ғажайыптары мен шығармашылықтарын шыңдап, спорттық сайыстар арқылы денсаулықтарын нығайтып, ұйымшылдықтары мен белсенділіктерін көрсете білді.
Соңғы күні демалушылар өз топ жетекшілеріне шын жүректен алғыстарын білдіріп, қимай қоштасты. Қоштасу жиынында мектеп директоры Г.А.Пржанова балаларды құттықтап,  марапаттары мен сыйлықтарын табыс етіп, барлық топ жетекшілері мен тәлімгерлерге,  ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Келер жылы аман-есен, қайта жүздескенше!












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив