"Жас инспекторлар " » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
тамыз
2025

"Жас инспекторлар "

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің "Жас инспекторлар " тобы Өскемен қаласында өткен Жас жол инспекторларының Республикалық слетіне қатысып, намысымызды қорғап қайтқан жас өрендерімізді  мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар және Шымкент қаласы Полиция департаменті мен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

Бұл тек бір сапар емес – балаларымыздың жүрегіне жол ережесін сақтау мәдениетін, Отанға деген сүйіспеншілікті, жауапкершілік пен тәртіпті сіңірген үлкен мектеп болды. Олардың жарқын жүзінен еліміздің ертеңіне деген сенімді, мақтаныш пен қуанышты көруге болады.

Әрбір баланың осындай биік белестерді бағындыруы – ата-ананың еңбегінің, ұстаздардың қамқорлығының және полиция қызметкерлерінің жүйелі жұмысының нәтижесі. Біз үшін олардың жеңісі – ең үлкен қуаныш, ең асыл сый!

Жас инспекторларымызға алдағы уақытта да биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз! 💙🇰🇿





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив