17
қараша
2023
МҰҒАЛІМ ӘДЕБІ
"МҰҒАЛІМ ӘДЕБІ: МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРЫМ — ҚАТЫНАС"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жоспарына сәйкес «Мұғалім әдебі: мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас» тақырыбында педагогикалық әдеп кеңестің мүшесі Г.Сауганова баяндама оқыды. Баяндамада:
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді;
Екіншіден, мұғалім ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, өз ойын оқушыға анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі;
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт екендігі туралы айтты.
Педагогикалық әдеп кеңесінің мақсаты: өзін-өзі тану, түсіну, ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Баяндама соңында тақырыпқа сай мұғалімдер тарапынан пікірлер ортаға салынып, мектебіміздің директоры Г.А.Пржанова сөз алып, педагогикалық әдеп - мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы, сонымен қатар оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, жүріс-тұрыс мәдениетінің, мамандығына ізденістерінің жиынтығы екендігін атап өтті.