«ЖАС ҰЛАН» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
желтоқсан
2023

«ЖАС ҰЛАН»

ҮЗДІКТЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

     Бүгін «Көрме» орталығында қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өтті. Салтанатты жиынға мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың  мүшелері, білім басқармасының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, мектеп парламент мүшелері, «Жас ұлан» ұйымының рәміздік тобы қатысты. Мерекелік жиында сөз алған Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева оқушыларға жылы лебізін білдірді.

      Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты – қала мектептерінің оқу озаттары және түрлі деңгейдегі байқау, жарыстардың жеңімпаздарын республикалық «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылдау, оқушыларды өз Отанын сүюге, елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Бүгінгі жиынға 300-дей оқушы қатысып отыр. Олар – қаламыздағы мектептердің оқу озаттары. Бүгінгі бала – ертеңгі болашағымыз. Сондықтан сапалы да білімді ұрпақ қалыптастыру тек мұғалімнің ғана емес, қоғамның алдындағы үлкен міндет деп білеміз. Шымкент қаласы – елімізде білім сапасы жағынан алдыңғы орынан көрініп келеді. Озаттарымыз көбейе берсін, – деді Н.Шәмшиева. 

       Мұнан кейін ұйымның мүшелеріне салтанатты түрде галстук байлау және төсбелгі тағу рәсімі өтіп, оқушылар концерттік бағдарламасын ұсынды. 

       Қалалық жиында "Жас Ұлан" ұйымына №68 жалпы орта білім беретін мектебінің Ту ұстаушыларымызбен 5 сынып оқушылары Санжар Қуаныш және Жаппар Мерей оқушыларымыз қатысып, ұйымға қабылданды. Жасұлан ұйымына қабылданған оқушыларымызды құттықтаймыз!!! 
Аға тәлімгер: Сүлейменова Алма Тасболатқызы.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив