05
ақпан
2020
"Шымкент -Қайырымды қала" қайырымдылық акциясы
"Нұр Отан " партиясы Шымкент қалалық филиялы төрағасының бірінші орынбасары Нарымбетов Бахадыр Мадәліұлы, Қаратау ауданының әкімі Әліқұлов Абзал Шымкентбайұлы және "Нұр Отан" "Азат" бастауыш партиясының төрайымы Сабитова Әлия Әлиханқызының ұйымдастыруымен №68 жалпы орта білім беретін мектебінде "Шымкент Қайырымды қала" қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға демеушілік жасаған "Нұр Отан" "Мәртөбе" бастауыш партиясының төрағасы Оразалы Кенжебеков мырза Азат мөлтекауданының тұрғындарына тігін машинасымен қысқа толқынды пеш сыйласа, Қаратау ауданы "Нұр Отан" партиясының төрағасы Әліқұлов Абзал Шымкентбайұлы 8 оқушыны киіммен қамтамасыз етті. Қайырымдылық акциясы № 68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылырының концерттік бағдарламасымен жалғасты.























