26
ақпан
2020
"Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай" "Жеңіске хат" атты байқау болып өтті.
№68 жалпы орта білім беретін мектепте "Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай" мектеп тәлімгері Қ.Оразованың ұйымдастыруымен "Жеңіске хат" атты байқау болып өтті.Бұл байқауда оқушылар ҰОС қатысқан туыстарына, соғыс ардагерлеріне өз алғыстарын білдіріп хат жазды.Байқауда үлгілі деп танылған 6"б" сынып оқушысы Жанабай Ұлбибі 1-орын, 6"в" сынып оқушысы Таштамиров Дастан 2-орын, 5 "ә" сынып оқушысы Жамбулбек Асылзат және 6 "б" сынып оқушысы Мұсахожа Мадина 3-орынмен марапатталды.Жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!



