16
сәуір
2025
"Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі"
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындық және оны мерекелеу мақсатында "Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" атты іс-шаралар жоспары аясында 8 "Г" сынып оқушылары Сабыр Рахымов атындағы Жеңіс саябағына тарихи саяхат жасады.
Бұл саяхаттың басты мақсаты – оқушыларға соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлықты сезіндіру, тарихты терең түсініп, ұрпақ жадында сақтау. Жеңіс саябағы – батырлардың есімін жаңғыртып, олардың ерлігін болашақ ұрпаққа үлгі етіп көрсететін қасиетті мекен.
Саяхат барысында оқушылар саябақтағы мемориалдық кешендермен, жауынгерлерге арналған ескерткіштермен танысып, Сабыр Рахымовтың өмір жолы мен батырлығы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, экскурсия жетекшілері тарихи деректер мен қызықты оқиғалармен бөлісіп, оқушылардың патриоттық сезімдерін оятты.
Іс-шара балалардың тарихи сана-сезімін қалыптастыруға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен әсерін тигізді.
Мұндай тағылымды сапарлар жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттырып, болашақта еліміздің жарқын болашағына үлес қосар азамат болып өсуіне жол ашады.