28
қыркүйек
2025
Саптан шықпаған сарбаз
«Жас сарбаз» сынып оқушыларына әскери қызметтің маңызын түсіндіру, патриоттық тәрбие беру, ардагердің өмір жолынан үлгі алу мақсатында «ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ АРДАГЕРІ», РҚБ Шымкент қаласы филиалының төрағасы, ардагерлер қауымдастығының төрағасы. Шымкент қаласының «Құрметті азаматы», ҚР қоғам қайраткері Онбаев Серікбай Мейірбайұлымен «Саптан шықпаған сарбаз» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуді мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Альжанов өткізді.
Қарулы күштер ардагері – ел тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғауға өмірінің бір бөлігін арнаған құрметті азамат. Ардагерлер – батырлықтың, ерліктің, елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Олардың өмірі – жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор тәжірибе.
Бүгін біз Отан қорғау жолында ерлік көрсеткен, әскери қызметтің ыстығы мен суығын көрген ардагермен жүздесіп отырмыз. Бұл кездесу – біз үшін үлкен мәртебе. Ардагердің өмір жолы, қызметі – бізге үлгі, алғырлық пен батырлық мектебі. Кездесуден оқушылар өмірге қажетті дүниелер ала білді.
Ардагер тұлғаға алтын уақытын бөліп, өмірлік тәжірибесімен бөлісуге келгені үшін алғыс білдіреміз!